
Өскеменде ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жануарға көмектесті. Ахмер ауылының тұрғыны "тұтқынды" өз учаскесінде дала дәретханасының шұңқырынан тауып алған. Ер адам көмектеспек болып қанша тырысса да еш нәтиже бермеді. Содан кейін ол құтқарушыларды шақырды. Жануарларды аулауға арналған ілмектің көмегімен олар төрт аяқты "балақайды" ұқыпты және ептілікпен алып шықты.
Құтқару операциясының сәтті аяқталғандығын ТЖ қызметінің мамандарымен бірге түскен жануардың сүйкімді суреті дәлелдейді.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.