
Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар төтенше жағдаймен күресте ғана емес, футбол алаңында да «гол соғуды» біледі. Өскемен қаласында ҚР ҰҚК Шекара қызметі ШҚО бойынша департаментінің Зайсан ауданы бойынша Шекара басқармасының 100 жылдығына орай шағын футболдан жарыс өтті.
Оған әртүрлі күш құрылымдарынан 14 команда қатысты. Алаңда олар жеңіс үшін адал да батыл түрде күресті. Барлығы әдемі ойын көрсетуге және қалаған нәтижеге қол жеткізуге тырысты. Турнир барасында қатысушылар өздерінің төзімділігін сынап, спорттық рухын нығайтты.
Күрделі күресте турнирді өткізу қорытындысы бойынша ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері мен құтқарушыларының командасы екінші орынға ие болып, Полиция департаментінің жеңімпаздарынан аз ғана артта қалды.
Үздік қақпашы болып Өскемен қаласының №4 өрт сөндіру бөлімінің командирі азаматтық қорғау старшинасы Ернар Салменбаев танылды.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, кубоктармен және грамоталармен марапатталды