
1. Зайсан ауданы,
Зайсан қаласы, сыртқы ауа температурасының жылынуы және түнде жауын-шашынның түсуіне байланысты таулы жерлерде қар еріді. Нәтижесінде Жақсылық пен Ноғамбай көшелерінен су ағып жатыр.
Жұмысқа жұмылдырылғандар:
- жергілікті атқарушы органдардан 30 адам, 10 бірлік техника;
- ТЖД - дан 10 адам, 2 техника;
- полициядан 10 адам, 3 бірлік техника;
- Шекара басқармасынан 10 адам.
Барлығы: 50 адам, 15 бірлік техника.
Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.
2. Катонқарағай ауданы,
Жұлдыз ауылы.
Қардың еруі нәтижесінде Амангелді көшесіндегі бір тұрғын үйдің ауласында су жиналған. Тұрғын үйге қауіп жоқ.
Алдын алу жұмыстары үшін ТЖД-дан 5 адам, 1 бірлік техника, 1 мотопомпа жұмылдырылды.
Су арықты тазарту арқылы бұрылып, мотопомпамен 40 текше метр су сорылды, 30 тонна көлемінде қиыршық тас төгілді.
Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.
3.Катонқарағай ауданы
Көкбастау ауылы, қардың еруі нәтижесінде Абай көшесінің 3 ауласын су басу қаупі туындады.
Жұмыстарға жұмылдырығаны:
- жергілікті атқарушы органдардан 1 тиегіш суды бұру жүргізілуде.
- ТЖД - дан 3 адам, 1 бірлік техника, 1 мотопомпа су сорып алды.
Жұмыстар аяқталды.
Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.