Катонқарағай ауданында қар көшкіні түсті

Катонқарағай ауданында қар көшкіні түсті

11 ақпанда сағат 14: 30-да Катонқарағай ауданында, жергілікті маңызы бар "Согорное-Барлык" автожолының 16 шақырымында "Қазселденқорғау" ММ ақпараты бойынша жауын-шашынның көп түсуіне және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 1350 м3 болатын екі қар көшкінінің өздігінен түсуі орын алды. Зардап шекендер мен қираулар орын алған жоқ. Көшкіндер жолды ішінара жауып тастады. Жергілікті атқарушы органдардың жол техникасымен тазалау жұмыстары жүргізілуде.