
11.02. Зайсан қаласында сыртқы ауа температурасының жылынуы және түнгі уақытта жауын-шашынның түсуіне байланысты таулы жерлерде қар еріді.
Нәтижесінде таулардан аққан су Жақсалықов, Молдыбаев, Ноғайбай көшелерімен өтеді.
Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.
Осы жерде жұмыстар жүргізілуде:
- жергілікті атқарушы органнан 10 адам, 1 бірлік техника тиегіш, 1 самосвал;
- полициядан 10 адам, 3 бірлік техника;
- - ТЖД 10 адам, 1 КУНГ, қапшықтарды төсеуге арналған 1 УАЗ;
- Шекара басқармасынан 10 адам.
Барлығы: 40 адам, 7 бірлік техника.