
Шамамен 00 сағат 16 минутта Өскемен қаласы, Ахмер кенті, Саламат көшесінде тұрғын үй ауласын су басты.
Оқиға орнына ШҚО ТЖД және Өскемен қаласы ТЖД басшылығы, қала әкімінің орынбасары, ТКШ, аумақтық басқару орталығы, "Таза Өскемен" ЖШС жедел кеіп жетті.
Мамандар жергілікті атқарушы органдардың күшімен 8 адам мен 5 бірлік техниканы жұмылдыра отырып, еріген суды бұру жұмыстарын жедел ұйымдастырды. Зардап шеккендер жоқ. Үйді су басу қаупі жоқ.
Жұмыстар 4 сағат 40 минутта аяқталды.