Өскеменнің өрт сөндірушілері мейрамханада шыққан өртті сөндіруде

Өскеменнің өрт сөндірушілері  мейрамханада шыққан өртті сөндіруде

Өскеменде Қазақстан көшесінде мейрамхананың шатырында өрт шықты.
Құтқарушылар келген кезде ғимаратта ешкім болған жоқ.
Өртті сөндіруге барлығы 5 өрт сөндіру автокөлігі және жеке құрамның 22 адамы тартылған.

ШҚО ТЖД кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Бұзушылықтарды уақтылы жою қажет. Объектіде жұмысқа жарамды өрт дабылы және өрт сөндіру құралдарының қажетті саны болуы тиіс. Эвакуация жолдарын бос ұстау. Электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз.

Өрт болған кезде 101 немесе 112 нөмірі бойынша дереу хабарлау қажет.