Құтқарушылар мен жол қызметкерлері жолда қалып қойған жолаушылары бар автобусқа көмекке келді

Құтқарушылар мен жол қызметкерлері жолда қалып қойған жолаушылары бар автобусқа көмекке келді

2024 жылғы 09 ақпанда "Өскемен-Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы" трассасында бейтарап аумақта Новосибирск қаласынан Өскеменге ауа-райының қолайсыздығына, қатты жел мен боранға байланысты жолаушылар автобусы қар құрауында қалып қойған. Оқиға орнына ШҚО ТЖД құтқарушылары мен "Қажсервис" ЖШС техниктері көмекке келді.
Автобус салонында 23 жолаушы болды, оның ішінде 5-уі бала. Жол қызметі техникасы тазалаумен айналысып, құтқарушылар күрекпен көктайғақпен күресіп жатқанда, адамдар автобуста күтті. Трассаның бір бөлігі қозғалысқа қол жетімді болғаннан кейін, құтқарушылар мен жолшылар техникасының сүйемелдеуімен автобус шекара бекетіне жетті. Сол жерден ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Өскемен қаласынан келген барлық жолаушыларды "ТРЭКОЛ" жол талғамайтын көліпен эвакуациялап, жақын маңдағы елді мекен - Шемонаиха қаласына жеткізді, онда жергілікті атқарушы органдар тамақтандыруды ұйымдастырды. Азаматтардың бір бөлігі туыстарына орналастырылды, ал басқалары Өскемен қаласына жолын жалғастырды.
Естеріңізге сала кетейік, ШҚО ТЖД 23-28 м/с дейін қатты жел қарлы боран болатыны туралы ақпаратты алдын ала таратқан болатын.
ШҚО ТЖД азаматтардан қолайсыз ауа-райында елді мекендерлен шығып, өздеріне қауіп төндірмеуін және кетпеуін сұрайды.
Жолдардың жай-күйі туралы Дармен мобильді қосымшасынан білуге болады.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.