
Шығыс Қазақстанда ауа-райының қолайсыздығы жалғасуда. ШҚО ТЖД құтқарушылары мен полиция қызметкерлерінің ескертулеріне қарамастан, азаматтар қауіпсіздік шараларына тиісті назар аудармайды. Олар қатты жел соғып, борап тұрған жолға шығып, жол ережелерін сақтамайды. Глубокое ауданында "Секисовка-Быструха" автожолында жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға орнына келген ШҚО ТЖД құтқарушыларының көмегі қажет болды, олар гидравликалық құралдың көмегімен "Камри" автокөлігінің шанағының бөлшектерін ашып, жәбірленушіні абайлап шығарып алып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД "Қазгидромет" ақпараты бойынша өңірде 9-10 ақпанда дауылды ескерту - жаңбыр, қар, боран, көктайғақ, қатты жел соғатынын еске салады.
Жол жағдайын "Дармен"тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы нақтылауға болады. Сондай – ақ, Республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйі туралы 26-28-08, облыстық-57-42-52 телефондары арқылы нақтылауға болады.