
2024 жылдың 08 ақпанында Өскемен қаласының №24 орта мектебінде қаланың құрметті азаматы Ауған соғысына қатысушы В.Шаровқа арналған спорттық-патриоттық іс- шаралар өтті. Аталған іс-шараларға ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлері белсенді түрде қатысып, турнир қатысушыларына медициналық көмек көрсету негіздерін үйретті. Манекен пайдалана отырып, қандай жағдайда және қалайша жүрек-өкпе реанимациясы жасалатыны көрсетілді. Көптеген оқушылар манекенді «тірілтуге» құлшшыны білдірді. Сондай-ақ, қан тоқтату, сынықтар-жарақаттар кезінде иммобилизация жасау әдістері көрсетілді.