Өрт сөндірушілер Глубокое ауданындағы дүкенде болған өртті жойды

Өрт сөндірушілер Глубокое ауданындағы дүкенде болған өртті жойды

Бобровка ауылында Семьянов көшесінде  дүкенге бейімделген екі қабатты жеке ғимаратта өрт болды. ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері келген кезде шатырдың, қабырғалардың, еденнің ағаш конструкциялары қатты өртеніп жатты.
Өрт сөндірушілер 120 шаршы метр аумақтағы өртті оқшаулады.
Сөндіруге жалпы 4 бірлік техника мен 16 адам жеке құрам жұмылдырылды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің алдын ала себебі Өрттің алдын ала себебі-жылыту пешін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

ШҚО ТЖД кәсіпкерлерден қырағы болуды және өрттің себебі болуы мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жоюды сұрайды.
Объектіде жарамды өрт дабылы, алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы тиіс, персоналмен өрт қауіпсіздігі бойынша тұрақты негізде нұсқамалар жүргізілуі керек. Жанғыш материалдарды жинауға жол бермеңіз.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша дереу хабарлау қажет.
ШҚО ТЖД кәсіпкерлерден қырағы болуды және өрттің себебі болуы мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жоюды сұрайды.
Объектіде жарамды өрт дабылы, алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы тиіс,  персоналмен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар жүргізілуі керек. Жанғыш материалдарды жинауға жол бермеңіз.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша дереу хабарлау қажет