
Желдің үрленуіне және ауа райының өзгеруіне байланысты облыста тауларда қар көшкіні қаупі пайда болды. «Қазселденқорғау» ММ ШҚ филиалының мамандары жүргізген мониторинг «Өскемен-Алтай – Үлкен Нарын - Катон-Қарағай - Рахман қайнары» (58 - 66 километр) автожолының учаскесіндегі қар өлшеуіш рейкалары бойынша қардың мөлшері 45 - тен 75 см-ге дейін жететінін, профилактикалық түсіруді жүргізу қажеттілігі туындағанын көрсетті. ШҚО ТЖД және «Қазселденқорғау» қызметкерлері жарылыс жұмыстарын ұйымдастырды, нәтижесінде аса қауіпті учаске тазартылды. Мұнда 4 профилактикалық жарылыстан 4700 текше метр қар түсіп, автожол ішінара жабылды. Учаскені жол қызметтері жедел тазартты. Қар көшкіні қаупті кезеңнің басынан бастап өңірде барлығы 44 түсу жүргізілді, нәтижесінде 70600 текше метр қар массасы түсірілді. ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға қар көшкіні қаупі бар уақыт - қалың қар жауғаннан кейін 3-5 күн ішінде, аяздан кейін еру кезінде, қатты желде екенін еске салады. Осы уақытта тауға барудан бас тартқан дұрыс. Егер сіз қар көшкіні қаупі бар аймақта болсаңыз: - тауларда болған кезде ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз - қар көшкіні болуы мүмкін жерлерді біліңіз - көшкін қаупі бар көлбеуді бір-бірлеп және мүмкіндігінше жоғары кесіп өтіңіз. Қауіпсіз жол - жотаның қыры. - тыныштықты сақтаңыз. Есіңізде болсын, қатты айқай қар көшкінін тудырады - көлікте қар көшкіні қаупі бар учаскенің жанынан өтіп бара жатқанда-тоқтамаңыз. Құрметті тұрғындар! Қар көшкіні қаупі бар ошақтардан өтіп, қала мен елді мекендерден тыс жерлерге шығу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз! Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарласу керек.