
Шемонаиха ауданы (ШҚО) үшін көктемгі кезең өзендердегі кептелістермен, су тасқынымен және су деңгейінің күрт көтерілуімен сипатталады, олар өз кезегінде су басу қаупін туғызады.
Соңғы бес жылдың талдауына сәйкес ауданда топырақтың қатуының орташа тереңдігі 58,2 см құрайды. Қар жамылғысы 30 см-ге дейін жетеді. Ауа температурасының күрт көтерілуі кезінде еріген қар суымен су басатын 916 адам тұратын елді мекендер: Верх-Уба, Выдриха және Убинка ауылдары, Шемонаиха қаласы, Усть-Таловка кенті.
Су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық шеңберінде аудан әкімінің Өкімімен көктемгі кезеңге арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді, оған сәйкес қорғаныс бөгеттерінің жай-күйі тексеріледі, су өткізу каналдары мен арықтары тазартылады, өзен арналары тереңдетіледі.
Су тасқыны жағдайы шиеленіскен жағдайда жалпы саны 123 адам, 35 бірлік техника, 16 мотопомпа бар күштер мен құралдар тобы құрылды. Қазіргі кезде ауданда су деңгейіне мониторинг және кезекшілік ұйымдастырылып, жедел жағдай туралы ақпарат алу және беру схемалары әзірленіп, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін 13,0 тонна жанар-жағармай қоры жасалды, көлік, азық-түлік жеткізу, тамақтануды ұйымдастыру жөнінде шарттар жасалды, 400 тонна инертті материал, 3000 дана қаптар дайындалды. Өзендерде мұзды ұсақтау қызметтерін көрсету жөнінде келісімшарттар жасалды. Шұғыл жағдайға 700-ге дейін адам сыйымдылығымен 10 зардап шеккен халықты қабылдау пункті дайындалды. Асхана, медпункт, телефон байланысы және басқа да қажетті заттары бар.«Су тасқынына қарсы айлық» аясында құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар қарт азаматтарға үй маңындағы аумақтағы қарды тазалау бойынша көмек көрсетуде, тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілген су басу қаупі төнген тұрғын үйлерді аралау ұйымдастырылды», - деді Шемонаиха ауданы ТЖБ бастығы Арман Наурызбаев.
Құтқарушылар тұрғындардың назарын су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындалуға аударады. Қарды уақытылы шығарып, үйлердің арықтарын тазалап, жертөлелерден азық-түлік шығаруға кеңес береді.