Қола Жеңіс

Қола Жеңіс

Глубокое ауданы Алтайский кентінің 21-ӨСБ қарауыл бастығы Адиков Данияр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және саяси қайраткері Б. Сапарбаевты еске алуға арналған қоян-қолтық ұрыстан ШҚО чемпионатында 62 кг салмақ дәрежесінде қола медаль иегері атанды.
Чемпионатта Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының 150 спортшысы жеңіс үшін күресіп, өз шеберлігін көрсетті.
Өрт сөндіруші Данияр Адиков бұл спорт түрімен 1995 жылдан бері айналысып келеді. 2020 жылдан бастап "Айбын" спорт клубының мүшесі болып табылады.
Әріптестері Даниярға үнемі қолдау көрсетіп тұрады және
қоян-қолтық ұрыс оған төзімділік пен күш бере отырып, өрт зілзаласын және басқа да төтенше жағдайларды еңсеруге көмектеседі деп сенеді.
Өрт сөндіруші Адиков  ММА номад бойынша спорт шеберіне үміткер, облыстық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі