
«ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ кадр және тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері және (Көкшетау қ.) М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 4 курс курсанттарымен облыс пен қаланың мектептің оқушыларына үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Болашақ абитурентерге жадынама түрінде арнайы парақтар таратылды.
Академияның күндізгі оқу түрі бойынша:
Қабылдау комиссиясы конкрустық іріктеуді және Академия курсанттарының қатарына қабылдауды, сондай-ақ шетелдік бейінді оқу орындарына түсу үшін іріктеуді жүзеге асырады (РФ Мәскеу қ, Беларусь Республикасы).
Оқу мерзімі- 4 жыл. 1-3 курс аралығында ұлдар Академияның жатақханасында тұрады, 4 курс Көкшетау қаласында жатақхананың орналасқан жерінен тыс өз есебінен тұрады. 1-4 курс аралығында оқитын қыздар Көкшетау қаласында жатақханадан тыс жерде өз есебінде тұрады.
Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады және барлық оқу кезеңіне киім-кешекпен, тамақтану және мемлекеттік шәкіртақымен қамтамасыз етіледі. Академияның күндізгі оқу түрін толық аяқтаған тұлғалар, оқу кезеңдері әскери қызметті өткерумен теңестіріледі.
Оқуды бітірген түлектерге лейтенант офицерлік атағы беріледі және ҚР ТЖМ бөлімшелерінде қызмет өткеру үшін келісім шартқа отырады.
Анықтама үшін телефон 87232-25-07-94