
Өскеменде Металлургтер көшесінде тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтерде өрт болды. ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері оқиға орнына келген сәтте тұрғын үй ішінде жиһаз және жеке заттар жанып жатты. Көрші пәтерден өрт сөндірушілер қауіпсіздік мақсатында 1951 жылы туған қарт адамды түтін басқан аймақтан таза ауаға эвакуациялады. Өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 12 адамы және 3 техника жұмылдырылды.
ШҚО ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
- Розеткаларды, штепсельдерді және сымдарды үнемі тексеріп отырыңыз. Оқшаулаудың қорғаныш қасиеттерін жоғалтқан сымдарды пайдалануға жол бермеңіз
- Кез-келген электр құрылғысын қолданар алдында-нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
- Отпен өте сақ болыңыз
- Пәтерлер мен үйлерде темекі шегуге болмайды. Әсіресе төсекте мас күйінде.
-Пештерді пайдалану кезінде жанғыш құрылымдардан өртке қарсы бөлуді (шегінуді) сақтаңыз
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарлау қажет.