Өскемендегі жүзден астам оқушы Жас құтқарушылардың қысқы көпсайысына қатысты

Өскемендегі жүзден астам оқушы Жас құтқарушылардың қысқы көпсайысына қатысты

Жарыс дәстүрлі түрде ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының суда құтқару станциясының базасында өтті. Мұнда жарысқа қатысушылар үшін "мұз өткелі", "шаңғы" және "тир"жабдықталды.

ТЖ жою басқармасының бастығы Ринат Кондыбаев оқушыларды құттықтап, балаларға қазіргі кездегі құтқарушы мамандығының маңыздылығын еске салып, құтқару қызметінің дағдыларын үйрену болашақта қиыншылыққа тап болған адамдарға көмектесу үшін пайдалы болатынына сенім білдірді.

Күні бойы Жас құтқарушылар шаңғымен қиын қашықтықты жүріп өтіп, "кокон-зембіл" жасап, шартты жәбірленушіні тасымалдады, азимутты дұрыс анықтады, апат сигналдарын таныды және мұз астына түскен адамды шартты түрде құтқарды.

Қиындықтарға қарамастан, барлық 13 команда алға қойылған міндеттерді сәтті орындады, ал жеңімпаздар бұл жерде ең бастысы — команданы қолдау екенін атап өтті.  

"Біз бұл жарыстарды оқушылардың қауіпсіздік мәселелеріне саналы көзқарасын, экстремалды жағдайларда практикалық дағдылар мен мінез - құлық дағдыларын, салауатты өмір салтына ұмтылысын және өскелең ұрпақтың физикалық дамуын қалыптастыру үшін өткіземіз", - деп атап өтті Ринат Кондыбаев.

Жарыс жақсы көңіл-күймен, жаңа әсерлермен және дағдылармен аяқталды.