
25 қаңтарда Әл-Фараби даңғылындағы монша кешенінің аумағында өрт болды. Оқиға орнына ШҚО ТЖД бөлімшелері жедел келіп жетті.
Өрт сөндірушілер келген кезде шатыр, қабырғалардың ағаш конструкциялары және ішкі қаптамалар қызыл жалынға оралған еді.
Өрт сөндірушілер өртті сөндіру үшін магистральдық желілер төседі. Өртті сөндіруге барлығы жеке құрамның 18 адамы және 5 бірлік техника жұмылдырылды.
120 шаршы метр аумаққа тараған өрт сөндірілді.
Өрттің шығу себебі бойынша электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу болжамы қарастырылуда.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
ШҚО ТЖД нысан иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді. Бұзушылықтарға жол бермеу, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы, өрт дабылының жарамдылығын, эвакуациялық шығу жолдарының жай-күйін бақылау қажет.
Өрт шыққан кезде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.