Жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керек және қандай қателіктерден аулақ болу керек

Жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керек және қандай қателіктерден аулақ болу керек

Шығыс Қазақстан облысының аумағы сейсмикалық аймаққа жатады. Соңғы 10 жылда облыс аумағында 6 баллдан аз 20-дан астам жер сілкінісі болды. Зардап шеккендер мен қиратулар тіркелген жоқ.

Құтқарушылардан және жер сілкінісі аймағына барғандардан ең тиімді кеңес: алғашқы дүмпулерде  сіз үйден шұғыл түрде жүгіріп шығуыңыз керек, бірақ бұл үшін сізде 15-20 секунд бар. Егер сіз осы уақыт ішінде шығып үлгермесеңіз, тұрған жерде паналау керек.  Ғимарат шайқалған кезде баспалдаққа шықпаңыз, сонымен қатар жеделсатыны қолдануға бомайды.

Жер сілкінісі кезінде жіберілетін қателіктер:

- Дүрбелең кезінде сіз абдырап қалуыңыз мүмкін. Бұл дұрыс емес әрекеттерге және олардан болатын қауіпті салдарға әкеледі. Адамдар терезеден секіреді, баспалдақпен жүгіре жөнеледі.

 - Тез қашуға уақыт жоқ болса - бөлмеде паналаңыз. Бірақ көбінесе адамдар қауіпсіз жерлерді дұрыс таңдамайды және терезелердің, батареялардың, сыртқы қабырғалардың жанында жасырынып, баспалдақтар мен балкондарға жүгіреді. Сонымен қатар, қауіпсіз орындар: ішкі күрделі құрылыс қабырғалары, есіктер және күрделі құрылыс қабырғаларының бұрыштары.

- Адамдар дүмпулер кезінде теледидарды, тұрмыстық техниканы құлап қалмауы үшін ұстап қалуға  тырысады, бұл жарақатқа әкелуі мүмкін. Олар уақытты (санаулы ғана) құтқаруға емес, құжаттар мен құнды заттарды іздеуге жұмсайды.

- Ғимараттан шыққаннан кейін адамдар көбінесе кіреберістердің жанында тұрып, дүмпулерді күтеді, ал балкондар мен лоджиялардан, шатырлардан заттар, құрылыс материалдарының қалдықтары құлап кетуі ықтимал.

ШҚО ТЖД құтқарушылары сейсмикалық қауіпті аудандардың тұрғындарына дәрі-дәрмектер, қажетті заттар, өнімдер, құжаттар, қолшам, жылы заттар салынған дабыл сандығын алдын ала дайындауды ұсынады.