Крещение түні Шығыс Қазақстан облысының су айдындарында 3000 адам, оның ішінде 300 бала шомылу рәсімін жасады

Крещение түні Шығыс Қазақстан облысының су айдындарында   3000 адам, оның ішінде 300 бала шомылу рәсімін жасады

Шомылу рәсімі үшін ресми түрде 19 жерде ұйымдастырылды. Адамдардың негізгі ағымы Өскемен, Риддер және Алтай қалаларында болды. Өскемен қ. шомылу рәсімінен 1200 аса адам өтті, Риддердегі ойықта-шамамен  1400  адам, Алтай ауданында - 700 адам, аудандарда шамамен 200 адам суға шомылды.

Құтқарушылар мен полицейлердің, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлерінің бақылауымен шомылу төтенше оқиғасыз өтті. Әрбір учаскеде төтенше және жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін шомылушыларға бақылау орнатылды. Қатысушылар үшін алдын ала нұсқама өткізілді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлығы 240 адам және 59 бірлік құтқарушылар техникасы, жергілікті атқарушы органдар, жедел жәрдем дәрігерлері және Апаттар медицинасы орталығы, полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Құтқарушылардың кезекшілігі бүгінгі кешке дейін жалғасатын болады.