Шығыс Қазақстандағы Крещение түнінде 19 купельде қауіпсіздік қамтамасыз етіледі

Шығыс Қазақстандағы Крещение түнінде  19 купельде қауіпсіздік қамтамасыз етіледі

Жергілікті атқарушы органдар купельдер орнатады, оларға мұздың қалыңдығын өлшеп және ойықтар жасауға  ТЖ қызметкерлері көмектеседі.

Сенушілер рухани дайындалып жатқанда, ШҚО ТЖД құтқарушылары кезекшілік үшін жеке құрамды күшейтеді, қауіпсіздік бойынша нұсқамалар өткізеді. Барлығы Шығыс Қазақстанда құтқарушылар, дәрігерлер, полицейлер кезекшілік ететін 19 орын анықталды. Жалпы саны 240 адам және 59 бірлік техника.

Шомылғысы келетіндер үшін қалалар мен аудандардың әкімдіктері жылыну үшін шатырлар орналастырды.

"Іс – шараның төтенше оқиғасыз өтуі үшін қарапайым ережелерді сақтау керек-алкоголь ішпеу, ересектерсіз балаларды купельге жібермеу, тәуекелге бармау және созылмалы аурулары бар адамдарға шомылмау. Рәсім үшін дәрігерлер мен құтқарушылар кезекшілік ететін жабдықталған орындарды ғана таңдаңыз. Өзіңізбен бірге жеңіл және тайғақ емес аяқ киім, үлкен сүлгі немесе халат пен ыстық шай болуы керек. Шомылу кезінде құтқарушылардың барлық ұсыныстарын сақтау керек", - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.

 "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша шомылдыру рәсімінен өткен түнде облыстағы ауа температурасы 25-тен 33 градусқа дейін өзгереді.