
Глубокое ауданының ТЖ бөлімінің құтқарушылары жалғызбасты қарт азаматтарға - үй маңындағы аумақты тазартуға көмектесті. Өздеріңіз білетіндей, аймақта қар қалың жауды. Жеке үй иелері күн сайын таңнан бастап күнін шыруамен бастауы керек. Біреулер жұмысты сүйсіне жасаса, ал егде жастағы жалғызбасты және мобильді емес азаматтар үшін бұл ауыртпалық тудырады. Қарлы кезеңнің әлі қызып тұрған шағын ескерсек, "Глубокое ауданының Жастар ресурстық орталығының" еріктілері мен өңірдің құтқарушылары күректерін алып, аулаларды тазалап, қарды тазалай алмағандарға қамқорлық көрсетуді қолға алды.
"Жақсылық акциясына ШҚО ТЖД барлық аудандық бөлімшелері қатысады, аулаларды қардан тазартамыз, егде жастағы азаматтарға шаруашылық бойынша көмектесеміз және сонымен бірге қауіпсіздік ережелері бойынша да нұсқау өткізуді ұмытпаймыз", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.