Шығыс Қазақстанда қолайсыз ауа райы өршіп тұр

Шығыс Қазақстанда қолайсыз ауа райы өршіп тұр

Шығыс Қазақстанда бір апта бойы қолайсыз ауа-райы өршіп тұр. Құтқарушылар халыққа қатты жел, көктайғақ және қарлы боран туралы ескертулер жариялады. Өңірдегі облыстық және Республикалық маңызы бар жолдар соңғы 7 күнде 28 рет жабылды.  Сонымен қатар, облыста көшкін қаупі сақталуда, "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары қауіпті учаскелерге бақылау жүргізеді және көшкіндердің профилактикалық түсуін ұйымдастырады. Қыс мезгілінің басынан бастап барлығы 29 рет профилактикалық көшкін түсіру жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 48 300 текше метр қар түсті.

Өткен тәулікте ШҚО ТЖД құтқарушылары Шемонаиха ауданында жедел жәрдем бригадасына көмек көрсетті, оның жүргізушісі көлікті басқара алмай  кювет түсіп және өздігінен шыға алмады.

Қазіргі уақытта ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері медициналық персоналды шұғыл медициналық көмекке мұқтаж әйелге жеткізу үшін Марқакөл ауданына, Тоскайын ауылына көмекке барды.

Аймақта қатты жел, көктайғақ жалғасуда. ШҚО ТЖД азаматтардан тәуекелге бармауды және дауыл туралы ескерту жариялаған кезде елді мекендерден кетпеуді сұрайды. Ауа райы жағдайлары мен автожолдардың жабылуы туралы "Дармен"мобильді қосымшасынан білуге болады.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.