Мамандық тандау

Мамандық тандау

Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті №10 өрт сөндіру бөлімінде Ұлан ауданының азаматтық қорғау қызметкерлерімен «Р.Марсеков атындағы орта мектебі» және «Қасым Қайсенов кенті орта мектебі» КММ-ң 10-11 сынып оқушыларымен «Ашық есік»  күні өткізілді. Оқушыларға өрт сөндіру техникалары, өрт техниикалық жарақтарын, жауынгерлік және арнайы киімдері көрсетілді және «ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына» оқуға түсу шарттары туралы айтылып бейне роликтер көрсетілді.

Академия Азаматтық қорғау органдарының офицерлерін даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны болып есептеледі. Академия түлектеріне азаматтық қорғау лейтенанты атағы мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелеріне жұмысқа орналастыру кепілдігі беріледі.