
01 қаңтарда сағат 00 шамасында Тарханка ауылында, Иванов көшесінде жеке тұрғын үйдің ауласында көмір сақтау үй-жай жабынының, шатырының, шаруашылық құрылысының қабырғаларының ағаш конструкциялары өртеніп, оның ішінде 18 текше метр отын өртенді.
Келген өрт сөндірушілер 67 м алаңдағы өртті сөндірді. Өрттің алдын ала себебі-отпен абайсыз болу.
Сөндіруге 15 өрт сөндіруші мен 3 техника жұмылдырылды.
Өскемен қаласында, Енисей көшесінің бойында 4 ш.м. алаңда шаруашылық құрылысының ағаш конструкциялары өртенді. өрттің алдын ала себебі - отпен абайсыз болу.
Глубокое ауданында, Опытное поле кенті, Солнечная көшесі, жеке тұрғын үйдің ауласында бір блокта салынған ағаш монша мен көмір сақтайтын үй-жай өртенді.
Өрт сөндірушілер 15 шаршы метр аумақтағы өртті тежеді. Өрттің алдын - ала себебі - пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
01 қаңтар күні сағат 02:25-те Алтай ауданы, Жаңа Бұқтырма кентінде, 5 қабатты үйдің екінші қабатында орналасқан пәтердегі үйде ас үй бөлмесінде жиһаз, жеке заттар, тұрмыстық техника өртенді.Өрт сөндіру бөлімшелері қауіпті аймақтан 14 тұрғынды эвакуациялады.
Өрттің алдын ала себептері - 1) электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, 2) төсекте темекі шегу кезінде абайсыз болу.
Пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау 1971 жылы туған тұрғынның улы газбен улану белгілерімен медициналық мекемеге түсуіне себеп болды. Белгілі болғандай, улану тұрғын үй мұржасының жарылуы, сондай-ақ оны уақтылы тазаламау салдарынан болған. Жәбірленушінің айтуынша, пештің мұржасы соңғы рет 1,5 жыл бұрын тазартылған.
Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес түтін құбырлары, түтін мұржалары, жылыту пештері мен жүйелерінің элементтері тікелей жылыту маусымы басталар алдында, сондай-ақ жылыту маусымы кезінде мына жүйелікпен тазаланып тұруы тиіс:
1) үш айда бір рет - жылыту пештері үшін;
2) екі айда бір рет - үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар үшін;
3) айына кемінде бір рет - ас үй плиталары, үздіксіз (ұзақ мерзімді) пештер үшін.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады:
Электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз.
Тұрғын үйлер мен пәтерлерде, балкондарда темекі шегуге жол бермеңіз.
Отпен абай болыңыз.
Кез келген пеш қатаң түрде өрт талаптарына сай болуы керек. Пеш ағаш (жанатын) қабырғалармен немесе бөлімдермен жанаспауы тиіс.
Мұржаларды уақтылы тазалаңыз, жылыту уақытында пештерді қадағалаңыз. Пеште табылған жарықтар мен ақауларды уақтылы жөндеп отыру қажет.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
ШҚО-да жаңа жыл түнінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 331 адам жеке құрам мен ШҚО ТЖД 132 бірлік техникасы кезекшілік атқарды