
ШҚО ТЖД құтқарушылары Жаңа жыл қарсаңында «Қауіпсіз шырша» байқауын өткізді. Шарт бойынша бейнеролик жасап, онда үйде қалай шыршаны әсемдеу және қауіпсіз орнату жөнінде хабардар ету болып еді.
«Басты мақсат – азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау сұрақтарына тарту. Бұл шараны өткізуге көптеген адамдар ниет білдіріп, жаңажылдық шыршаны орнату кезіндегі қауіпсіздік бойынша өз нұсқаулықтарын айтты», - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.
Қорытынды бойынша ең ерекше және ең бастысы қауіпсіздік нормаларына сәйкес нұсқаулықты жасаған жеңімпазды алқа мүшелері анықтады:
1 орынды Өскемен қаласынан Сиониндер отбасы, 2-ші орынды Анна Белялева, 3-ші орынды Ұлан ауданының Пролетар негізгі мектебінің оқушысы Жасмин Антошева, Сұңғат Талғатов, Владимир Нигметов, Мадина Антошева иеленді.
ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен мадақтамалар табыстап, келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.
Өз кезегінде, ШҚО ТЖД ескертеді:
Шырша мықты қойылғышқа, жылыту құрылғыларынан әрірек жерде орнатылады,
Тек зауыттан жасалған дұрыс электр гирляндыларын қолданыңыздар,
Тыйым салынады: шыршаны майшамдармен, мақтамен, қағаздан және целлулоидтан жасалған ойыншықтармен безендіруге,
Жарықтандыруда ақау анықталған кезде – сымдар қызғанда, шамдар жыпылықтағанда, ұшқындағанда, оны тез сөндіру қажет. Түнде және жайдан кеткен кезде де гирляндаларды өшіріп кету қажет.
Өрт кезінде 101 және 112 номерлері бойынша хабарласыңыз.