
ШҚО ТЖД-да «Ионосфера Институты» ЖШС және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ғалымдарымен жұмыс кездесуі өтті
ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев ведомстволық ғылым мамандары өкілдерімен көшкін қаупінің алдын алу шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.
Шығыс Қазақстан тауларында аспалы датчиктері бар діңгектер орнату жоспарлануда. Олар жауын-шашынның мөлшерін, топырақтың құрамын және белгілі бір аймақтағы орташа температураны тіркейді. Болашақта алынған мәліметтер маусымдық тәуекелдерді, тіпті қар көшкінін есептеуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың мұндай әзірлемесі қыс мезгілінде облыстағы 400-ден астам қауіпті учаскелерге мониторинг жүргізетін «Қазселденқорғау» бақылаушылары үшін маңызды көмек болып табылады.
«Бұл жүйе беткейлердің топологиясына байланысты белгілі бір қар массасының қалай әрекет ететінін есептейді. Содан кейін метеодеректер, қардың түсуі туралы мәліметтер жинайды, сосын қар массасының өзі есептеледі және көлбеу топологиясына байланысты бұл қар массасы ауысатын процесс модельденеді", - деп атап өтті жоба жетекшісі Наталья Денисова.