ШҚО ТЖД қызметкерлері балалардың жаңажылдық армандарын орындады

ШҚО ТЖД қызметкерлері балалардың жаңажылдық армандарын орындады

Жаңа жыл таңғажайып оқиғалар уақыты. Әрқайсымыз арман ойлап, оның міндетті түрде орындалатынына сенеміз. Шығыс Қазақстанның құтқарушылары көмекке келіп қана қоймай жаңа жыл қарсаңында армандарды орындауға тырысады. Өскеменнің кішкене тұрғындары Макар мен Айтөре құтқарушылардың боран мен түрлі төтенше жағдайлар кезінде адамдарды құтқаруға көмектесетін жол талғамайтын Шерп көлігіне мініп көруді армандап, көз алдарына елестеткен. Сондықтан да ұлдарға Жедел құтқару жасағына бару ұсынылды, олар болса қуана-қуана тжлықтарға қонаққа барды. Олардың әпқайсысын көлікке отырығызып, азаматтық қорғау органдарының төртаяқты қызметкері Хитпен де таныстырды.

Макар мен Айтөре өздерінің эмоцияларымен бөлісіп, Жаңа жыл қарсаңында армандардың орындалатынына көз жеткізгенін айтты. Құтқарушыларға сәттілік тілеп, болашақта құтқарушылар қатарын толықтыру туралы ойланып қайтты.