Көппәтерлі үйдегі өрт кезінде ШҚО ТЖД құтқарушылары 90 тұрғынды эвакуациялады

Көппәтерлі үйдегі өрт кезінде ШҚО ТЖД құтқарушылары 90 тұрғынды эвакуациялады

Көкжал Барақ көшесіндегі үшінші қабаттағы пәтерде қоқыс өртенді. Оқиға орнына жедел келген өрт сөндірушілер бірінші кезекте қауіпсіздік мақсатында 90 тұрғынды эвакуациялап "ВАХТА"автокөлігіне орналастырылды, оның ішінде 25 бала бар.

Өрт 2 шаршы метр аумақта сөндірілді.

Өртті сөндіруге барлығы 5 бірлік техника мен 14 өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Өртке себепкер болжам бойынша 1991 жылы туған пәтердің иесі.

ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады.

Отпен абайсыздықты болдырмау.

Дәліздерде және тұрғын үйлердің кіреберіс алаңдарында жанғыш қоқыстарды қоймаңыз.

Пәтерде және балконда темекі шекпеңіз.

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарлау қажет.