Өскемен қаласында өрт сөндірушілер мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері қарт әйелді құтқарып қалды

Өскемен қаласында өрт сөндірушілер мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері қарт әйелді құтқарып қалды

Оқиға туралы сигнал    Пермитин көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйден келіп түсті. оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімшелері келе салысымен  барлау жасап, 3 қабаттағы пәтерден шыққан өртті анықтады.
Түтін басқан үй-жайға кіріп, өрт сөндірушілер 3 шаршы метр аумақта өртенген төсек-орын, еденді сөндірді.
Пәтерде 1934 жылы туған пәтердің иесі ес-түссіз табылды.
Өрт сөндірушілер оны түтін аймағынан шығарып, тыныс алу аппараттарымен  сығылған ауа оттегін беру арқылы алғашқы көмек көрсете бастады, содан кейін апаттар медицинасы орталығының келген дәрігерлері зардап шегушіні реанимобильге отырғызып,  медициналық мекемеге жеткізді, жол бойында апаттар медицинасы орталығы  дәрігерлері реанимациялық іс-шаралар, оттегімен ингаляция жүргізіп, оны бірінші қалалық ауруханаға жеткізді.

Өрт себебі бойынша абайсызда отпен жұмыс істеу нұсқасы пысықталуда.

ШҚО ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Электр құрылғыларын пайдалану кезінде желіні шамадан тыс жүктемеңіз.
Розеткалардың күйін қадағалаңыз, егер олар дұрыс жұмыс істемесе, уақытында жөндеу жұмыстарын жүргізіңіз.

- Үйден (пәтерден) шығып, электр жылыту құралдарын қараусыз қалдырмау, ажыратуды ұмытпау.

Ашық отпен абай болыңыз.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша дереу хабарлаңыз.