
Шемонаиха қаласындағы Деповская көшесінде жеке тұрғын үйде төбенің ағаш құрылымдары, веранданың төбесі өртенді. Өрт сөндіру бөлімшесі отты 75 ш.м. жойды. Өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамау.
ШҚО ТЖД электр жабдықтары мен электр құралдарын пайдалану кезіндегі ережелерді еске салады:
- Кез-келген электр құрылғысын қолданар алдында-нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз
- Есіңізде болсын, егер сіз компьютерді, жылытқышты, шаңсорғышты бір розеткаға бірден қоссаңыз, онда жүктеме желі үшін ауыр болуы мүмкін. Бұл әсіресе ескі сымдары бар ескі үйлерге қатысты. Электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз
- Үйден шыққан кезде әрқашан электр құрылғыларын розеткалардан өшіріңіз
Мыналарға рұқсат етілмейді:
- Конструкцияда көзделген термореттегіштер болмаған немесе ақаулы болған кезде электр қыздыру аспаптарын қолдану
-Электр үтіктерін, электр плиткаларын, электр шәйнектерін және басқа да электр жылыту аспаптарын, егер олардың болуы дайындаушы зауыттың нұсқаулығында көзделген болса, өрттің туындау қаупін болдырмайтын арнайы тұғырларсыз пайдалану
- Электр қалқандарына, электр қозғалтқыштарына және іске қосу аппаратурасына өрт қауіпті және жарылыс-өрт қауіпті заттар мен материалдарды орналастыру (жинау)
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.