
ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағының қатарында қызмет ететін азаматтық қорғау старшинасы Аслан Советов «Үздік жас қаһарман» номинациясының жеңімпазы «Алау-2023» жастар арасындағы Өскемен қаласы әкімінің силығына конкурстың жеңімпазы атанды. «Үздік жас қаһарман» номинациясында төтенше жағдайларға тап болған адамдарға көмек көрсеткен, ерлік көрсеткен номинаттар қарастырылды. Соынң бірі құтқарушы Аслан Советов. Ол төтенше жағдайлар саласында 2016 жылдан бастап қызмет етеді. Ол сансыз құтқару операцияларына қатысты. «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 2023 жылдың сәуірінде Аслан Советов өз-өзіне қол жұмсағысы келген әйелді құтқарды. Автосатымен көтеріліп, тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесіне кіріп, оны абайлап ұстап алып, ашық терезеден сүйреп апарды, осылайша оның өмірін құтқарды.