Ұлан ауданының өрт сөндірушілері көп балалы отбасының пешін өрт қауіпсіз жағдайға келтірді

Ұлан ауданының өрт сөндірушілері көп балалы отбасының пешін өрт қауіпсіз жағдайға келтірді

Ұлан ауданының ТЖБ, прокуратура, жергілікті полиция қызметі мен аудандық әкімшілік қызметкерлері өрттердің алдын-алу бойынша үйлерді аралау кезінде Украинка ауылында көп балалы отбасының тұрғын үйінде бірнеше өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылықтары бар  пешті  пайдаланып отырғанын анықтады. Осындай бұзушылығы бар пеш  кез-келген сәтте өрт фактісінің орын алуына немесе жанұя мүшелерінің улы газға тұншығуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Әлеуметтік осал топтарға жатқызылған азаматтарға көмек көрсету аясында өрт сөндірушілер пештегі жарықтарды бітеп, сылап, әктеді. Сонымен қатар, үйге улы газ концентрациясының қауіпті деңгейде бөлініп жатқаны туралы хабарлайтын улы газ датчигін орнатты.  Бірнеше сағаттық жұмыстардан кейін мәселе шешілді.

Үй иесі құтқарушыларға көрсетілген көмек үшін ризашылығын білдірді. Енді тұрғын үй жылы және бастысы қауіпсіз болады.

 Содан кейін, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аязды күндері жылыту пешін дұрыс жағу туралы толық нұсқаулық жүргізді. Төтенше жағдайлар туындаған сәтте 112 нөміріне хабарлаңыз.