ШҚО ТЖД құтқарушылары оқушыларға қар көшкіні қаншалықты қауіпті екенін айтты

ШҚО ТЖД құтқарушылары оқушыларға қар көшкіні қаншалықты қауіпті екенін айтты

ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының қызметкерлері қауіпсіздік бойынша онлайн сабақ өткізді. Облыстың 200-ден астам оқушысы біздің өңірдегі қар көшкіні қаншалықты қауіпті екенін және төтенше жағдайдың алдын алу жолдарын білді. Айта кетейік, Шығыс Қазақстан қар көшкіні қаупі бар өңірлердің бірі болып саналады және ШҚО Қазселденқорғау және ТЖД мамандары жыл сайын азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында профилактикалық түсулер жүргізеді. Өткен қысқы маусымда 101 түсу болды.
Оқушылар көшкін қаупі кезінде өзін қалай ұстау керектігін білді.

Қандай жерлерден аулақ болу керек және қардан қалай шығуға болады.

Қар көшкіні кезінде қалай әрекет ету керек:

- жартастың, ағаштың артына паналауға тырысыңыз, жерге жатыңыз, басыңызды қолыңызбен қорғаңыз, киім арқылы дем алыңыз;

- қар көшкініне түскеннен кейін, бетінде қалу үшін жүзу қимылдарын жасаңыз;

- қарға батырылған кезде тізеңізді ішіңізге қарай тартыңыз, қар көшкіні тоқтағанша күтіңіз, үстіңгі және астыңғы жағын анықтаңыз және шығуға тырысыңыз

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.