
Сәтпаев көшесінде дүкен есігінің төбесіне ер адам 4-қабаттан құлап кеткен. Жедел жеткен ШҚО ТЖД мамандандырылған жасақтың құтқарушылары 1989 жылы туған зардап шегушіні автосатының көмегімен абайлап түсіріп алып, жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады.
Белгілі болғандай еркек бір нәрсе жөндемекші болып, құлап кеткен.
ШҚО ТЖД азаматтардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз.