
2 желтоқсанда Серікбаев көшесінде орналасқан көппәтерлі үйдің тоғызыншы қабатындағы дәлізде қоқыс өртенді.
Оқиға орнына ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері жедел келіп жетті , олар жоғары шақыру нөмірі бойынша жұмыс істеді.
Бірінші кезекте өрт сөндірушілер 15 тұрғынды құтқарды, оның ішінде үш бала бар.
Құтқару операциясымен бір мезгілде жанып жатқан ескі жиһаз, терезе ойықтарын, қоқысты сөндіру жұмыстарын жүргізді, өрт аумағы
20 шаршы метр.
Құтқарылған азаматтарды Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері тексерді.
Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі отпен абайсызда жұмыс істеу болды.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 24 адамы және 8 бірлік техника жұмылдырылды.
ШҚО ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Ешбір жағдайда тұрғын үйлердің алаңдары мен дәліздерінде отпен және темекі шегумен абайсыздыққа жол бермеңіз.
Дәліздерді, кіреберістердің тамбурларын шүберекпен, қоқыспен жаппаңыз, бұл өрт болған жағдайда эвакуациялау кезінде кедергі болуы мүмкін.
Көппәтерлі үйлердің өрт қауіпсіздігін сақтауда қырағы болу қажет.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша дереу хабарлаңыз.