Алтай қаласында отты і абайсыз пайдалану салдары кісі өліміне әкеліп соқты

Алтай қаласында отты і абайсыз пайдалану салдары кісі өліміне әкеліп соқты

30 қарашада күні таңертең Алтай ауданындағы Абай көшесінде жеке тұрғын үйден өрт шықты.

Оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметкерлері тұрғын үйдің бөлмесінің қабырғасы және ағаш едені жанып жатқанын  анықтады. Газ-түтіннен қорғау тобы түтінге толы үйді барлау кезінде  1965 жылы туылған үй иесінің денесі табылды.

Өрт толығымен  6 шаршы метр аумақта сөндірілді.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 7 адамы және 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Өрттің себебі бойынша  - отты абайсыз қолдану болжамы қарастырылуда.

ШҚО ТЖД ескертеді: қыс мезгілінде тұрғындар өз қауіпсіздігіне және үйлерді өрттен қорғаулуына қамқорлық жасауы керек.

- Алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы.

-Пеш мұржаларын алдын ала тазалау

-Ақауы бар және жарқылдап тұрған электр сымдарын пайдаланбаңыз.

-Электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз.

-Ашық отпен абай болыңыз.

Өртті абайсыз пайдалану, соның ішінде мас күйінде темекі шегу кезіндегі абайсыздық– адам өліміне әкелетін өрттің ең көп тараған себептерінің бірі.

Есіңізде болсын:

- төсекте темекі шегуге болмайды, әсіресе егер сіз алкоголь ішкен болсаңыз – бұл жағдайда ұйықтап кету өте оңай және сөндірілмеген темекіні уөрттің шығуына әкеп соғуы мүмкін.

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.