ШҚО өрт сөндірушілері Астана қаласында өткен волейболдан жарыста 2-орынды иеленді

ШҚО өрт сөндірушілері Астана қаласында өткен волейболдан жарыста 2-орынды иеленді

Дене шынықтыру мәдениеті мен спортты танымал ету, патриоттық тәрбиелеу, дайындық деңгейін арттыру мақсатында Астана қаласында 2023 жылғы 22-24 қараша аралығында қызметтік борышын орындау кезінде қаза болған Асқар Забикулинді еске алуға арналған азаматтық қорғау органдары қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті.

          Шығыс Қазақстанның өрт сөндірушілері турнирге қатысып, жақсы ойын көрсетті. Финалға дейін жетіп астаналық командамен теке тіреске түсіп, екінші орынды иеленді.