Шығыс Қазақстанда құтқарушылар «Қыс-2023»Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысады

Шығыс Қазақстанда құтқарушылар «Қыс-2023»Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысады

2023 жылғы 23-24 қарашада бүкіл ел бойынша «Қыс-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде.  Жыл сайын қысы қатал Шығыс Қазақстанда құтқарушылар мен азаматтық қорғау қызметтері қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтайды.

Оқу-жаттығу екі кезеңде өтеді. 23 қарашада ШҚО ТЖ департаментінің дағдарыс орталығында оқу-жаттығу штабы ашылды. Жедел топ басшыларының, қызмет бастықтарының баяндамалары тыңдалады. «Штабтық жаттығу азаматтық қорғаудың облыстық кіші жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлыққа келтіруге, басқаруды ұйымдастыруға, жағдай бойынша деректерді жинауға, жинақтауға және талдауға, сондай-ақ қысқы кезеңнің күрделі метеорологиялық жағдайының салдарын және құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін жою жөнінде шешім қабылдауға бағытталған»,- деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

 Оқу-жаттығудың бірінші кезеңі аясында 23 қарашада өңірде электр сиреналары іске қосылып, телерадиоарналарға қосылып, ескерту жүйесі тексерілді.

Оқу-жаттығудың екі күні ішінде Шығыс Қазақстанның барлық аудандары мен қалаларында іс жүзінде өңір аумақтары мен су өткізу құрылыстарын, қысқы кезеңге көпірлерді дайындауда іс-шаралар, қар мен мұздан уақтылы тазарту, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде авариялар болған жағдайда жедел ден қою жөніндегі алдын алу іс-шаралары, авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және қолайсыз ауа-райынан «тұтқынға түскен» халыққа көмек көрсету пысықталатын болады.