
2023 жылғы 23 қарашада "Қыс-2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде Шығыс Қазақстанда 12 сағат 55 минутта радио мен телеарналарға қосылу арқылы электр сиреналары, сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылатын болады. Электр сиреналарын іске қосу "Баршаның назарына!" деген белгіні білдіреді.
Егер Сіз жұмыста, қоғамдық жерде, көшеде болсаңыз және сиренаның дыбысын естіген болсаңыз, радионы дереу қосу керек (ұялы телефон арқылы). Үйде сигналды естігеннен кейін теледидарды дереу қосып, келесі әрекеттер туралы ақпаратты мұқият тыңдау керек.
Сондай-ақ, ақпарат "Дармен" мобильді қосымшасында және ШҚО ТЖД ИНСТАГРАМЫНЫҢ ресми парақшасында орналастырылады. Барлық ересектер өздері үйреніп, балаларға сиреналардың дыбысы "Баршаның назарына" сигналы екенін түсіндіруі керек. Оны естігенде қорқудың қажеті жоқ, бірақ оның себебін түсіндіруді күту керек.
Көршілерге хабарлау ұсынылады: олар берілген ақпаратты естімеген болуы мүмкін. Дүрбелең мен қауесеттің кез-келген көрінісін дереу тоқтатыңыз. ТЖД ескерту жүйесінің жаттығуларына түсіністікпен қарауды сұрайды және берілген ұсыныстарға сүйене отырып, міндетті түрде өзіңіз үйренуді сұрайды.