Назарбаев даңғылындағы тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтерде жиһаздар, жеке заттар өртенген. Оқиға орнына жедел келген өрт сөндірушілер қауіпті аймақтан 13 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт 13 ш. м. алаңда сөндірілді.
1968 жылы туған, термиялық күйік алған пәтер иесіне Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы көмек көрсетіп, оны қалалық медициналық мекемеге жеткізді.
Түтін басқан үйдің кіреберісінде өрт сөндірушілер желдету арқылы ауаны тазалады.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 12 адамы және 4 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрт себебі бойынша абайсызда отпен жұмыс істеу нұсқасы қарастырылуда.
ШҚО ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелеріне немқұрайлы қарамауды сұрайды.
Темекі шегуге және отпен абайсыздыққа жол бермеңіз.
Өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақытында жою қажет.
Төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.