
Риддер қаласында Пролетарская көшесінде жеке тұрғын үйдің аумағында өрт шықты. Өрт сөндірушілер келген кезде 3,5 тонна шөп өртеніп жатқан.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 6 адамы және 2 бірлік техника жұмылдырылды.
Алдын ала өрттің себептері бойынша абайсызда отпен жұмыс істеу және өрт қою нұсқасы қарастырылуда.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салады.
Тұрғын үй құрылыстарының жанындағы сарайлардың төбелерінде шөп жинауға, сондай-ақ өтпе жолдарды үйіп тастауға жол берілмейді.
Тұрғын үйлердің аумақтарында пішен үйінділерін жинау ғимараттар мен аула құрылыстарына дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады.
Ірі жемшөп қатарлары байланыс желілерінің осіне дейін кемінде 15 метр, ғимараттарға, құрылыстарға және орман екпелеріне дейін кемінде 50 метр қашықтықта орналастырылады.
Үйінділерді, қазбаларды, ірі жемшөп маяларын, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жинауға жол берілмейді:
1) сарайлар мен басқа да шаруашылық құрылыстардың шатырларында;
2) электр беру желілерінің астында;
3)учаскенің сыртқы қоршауынан 3 м кем қашықтықта.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.