
Алтай ауданы ТЖБ қызметкерлері жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг өткізіп, "Жатақхана"жедел-алдын алу іс-шарасы аясында атқарылған жұмыстар туралы әңгімеледі. Алтай қаласы жатақханасының тұрғындарымен 2 жиын, Алтай, Серебрянск және Жаңа Бұқтырма кенттерінде 275 адамды қамтитын 3 рейд өткізілді. Айта кету керек, Алтай қаласындағы жатақханада тұрғындар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды, ал қызметкерлер пәтерлерде жарамды тұрмыстық электр құрылғыларының жұмысын қатаң қадағалайды, жатақхана аумағында темекі шегуге тыйым салынады.