
Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жатақханалар мен қонақ үй иелерімен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша, ұсыныстар берумен дөңгелек үстелдер өткізді. Дөңгелек үстел барысында қонақ үйлер мен жатақханаларға қызмет көрсету кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі, сондай-ақ өрт кезінде эвакуациялау тәртібі түсіндірілді. Өрт қауіпсіздігі бұрыштарын орнату үшін жадынамалар таратылды. Қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берілген. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органмен және ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып, жатақханалар мен қонақ үйлердегі өрт қауіпсіздігі заңнамасының бұзылуын анықтау мақсатында рейдтер жүргізілуде.