Он саусағынан өнер тамған шеберлер

Он саусағынан өнер тамған шеберлер

16 қарашада ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұраға теңестірген Дүниежүзілік қолөнер күні атап өтіледі.

ШҚО ТЖД құтқарушыларының арасында қызметтен бос уақытта шығармашылықпен және қолөнермен белсенді айналысатын адамдар да бар.
Сондай шеберлердің бірі - Шемонаиха қаласының №28 өрт сөндіру бөлімінің диспетчері, Наталья Лейс-Бычкова, оның хоббиі - тоқыма. Оның жұмыстарының ішінде ойыншықтар, киім-кешек, тұрмыстық заттар бар. Наталья бұл өнермен 8 жылдан астам уақыт бойы айналысады.

«Мен ілмекпен негізінен амигуруми техникасындағы ойыншықтарды, ал тоқыма инелерімен жемпір, кардиган, көйлек сияқты күрделі бұйымдарды тоқимын», - дейді Наталья.

Оның әріптесі, Глубокое ауданы Алтайский кентінің № 21 өрт сөндіру бөлімінің диспетчері Наталья Герасимова қолымен жасалған әдемі заттарды достары мен жақындарын қуанту үшін тоқиды. Наталья төтенше жағдай жүйесінде 15 жыл қызмет атқарып келеді. Көптеген өрттерге диспетчер ретінде қатысқан. 2015 жылы Предгорное ауылында мұнай базасындағы ірі өртті сөндіруге қатысқан. Мұндай кезде көп нәрсе диспетчерге байланысты, ол жағдайды дұрыс бағалау және қажетті күштер мен құралдарды сауатты түрде бағыттай білуі керек.

Катонқарағай ауданы 27-ӨСБ бастығының орынбасары Елдар Мұхтарұлы көп уақытын токарлық станок алдында өткізеді.
«Ағаш оюға деген сүйіспеншілікке мені бастапқыда орта мектептегі еңбек мұғалімім баулыды. Содан кейін бұл хоббиді өз бетімен жалғастырып кеттім», - дейді Елдар.

Ағаш өңдеудің қыр-сырын бәрі бірдей біле бермейді, бұл бірнеше сағаттық тәжірибе және мұқият жұмыс. Шыдамдылық пен төзімділікті қажет ететін қолөнер. Елдар осындай ерекше сабақтан кейін өзінің эксклюзивті коллекциясын шығара бастады. "Мен алғаш кесу тақтасынан, оқтаудан, шам қойғыштан бастадым. Қазіргі уақытта мен ұлттық ыдыс-аяқ жасаймын: астау, тостаған және т.б. мен оны өзім үшін, жақындарым мен достарым үшін жасаймын, әріптестеріме де сыйлық ретінде тарту етуді жақсы көремін», - дейді азаматтық қорғау аға лейтенанты Ысқақов.

Өскемен қаласының ТЖ басқармасының бас маманы Жанғазина лаура ұлттық ою-өрнек салынған көрпе-жастық, бұйымдар тігеді. Лаура өз жұмыстарында велюр, барқыт сияқты түрлі-түсті маталарды қолданады, себебі осындай маталармен әрленген үй ерекше әдемі көрінеді. Бұл өнерге ерекше шеберлік пен төзімділік қажет. Ата-бабадан қалған өнер мұрасының жыл сайын танымалдығы арта түсуде.