
Риддер қаласында Татарская көшесінде жеке тұрғын үйде өрт болды. 1-МӨСБ өрт сөндірушілері келген кезде жалын ағаш шатыр құрылымдарын шарпыған еді. Өртті сөндіруге барлығы 3 бірлік техника мен жеке құрамның 10 адамы тартылды. Өрт 40 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді. өрт себебі бойынша абайсызда отпен жұмыс істеу және қасақана өрт қою нұсқалары қарастырылуда.
Шемонаиха ауданының Сугатовка ауылындағы Молодежная көшесінде жеке тұрғын үйде ағаш шатыр құрылымдары мен веранда өртенді. 28-ӨСБ жігіттері өртті сөндіру кезінде үйден 27 литрлік 2 газ баллонын алып шықты. Үйлескег іс-қимылдың арқасында өрт 88 ш.м. алаңда сөндірілді. Өртті сөндіруге барлығы 2 бірлік техника мен жеке құрамның 7 адамы тартылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі - жылыту пешін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады:
- электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз
- отпен абай болыңыз
- пештерді пайдалану кезінде қырағылық таныту
- пешті жағу кезінде күлді, көмірді жанатын құрылыстардан 15 метр қашықтықта орналасқан арнайы бөлінген жерге алып тастау керек
-ешбір жағдайда есіктері ашық пештерді жағуға болмайды, оларды қараусыз қалдыруға болмайды
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.