
06 қараша күні таңғы сағат 6.52-де Алтай ауданындағы Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан екі қабатты үйде өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті.
Өрт сөндіру бөлімдері бұл жерге келгенде, жазғы тұрғын үй толығымен отқа оранған еді. Ағаш шатыр құрылымдары, төбелер, терезе мен есік блоктары өртеніп, өрт бір шатырдың астында орналасқан гаражға тарап, квадроцикл өртенді. Өрт сөндірушілер 120 шаршы метр аумаққа тараған өртті толығымен сөндірді.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 11 адамы және 5 бірлік техника жұмылдырылды.
Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – электр желісін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, атап айтқанда оқшаулағышы зақымдалған немесе қорғаныш қасиетін жоғалтқан электр сымдары мен кабельдерді пайдалану болды.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады:
-Розеткаларды, штепсельдерді және сымдарды үнемі тексеріп отырыңыз. Оқшаулаудың қорғаныш қасиеттерін жоғалтқан сымдарды пайдалануға жол бермеңіз
-Кез-келген электр құрылғысын қолданар алдында-нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
- Құрылғының жұмыс уақытына және рұқсат етілген токқа қойылатын талаптарға назар аударыңыз
- Есіңізде болсын, егер бірнеше электр құрылғылары бір розеткаға бірден қосылса, онда жүктеме желі үшін ауыр болуы мүмкін
- Ақаулы розеткаларды пайдаланбаңыз
Егер белгілі бір электр құрылғысын қосқан кезде жарықтандыру сәл күңгірт болса, бұл желінің шамадан тыс жүктелгендігінің сенімді белгісі. Бұл өрттің хабаршысы.
- Үйден шыққан кезде-электр құрылғыларын ажыратыңыз
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарлау қажет.