
Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығында өткен брифингте ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының қызметкерлері өңірде 77 орман өрті болғанын айтты. Өрт жалмаған орман алқабы 502,3 га құрады. облыста 492,5 га алқапта 41 жану болды, дала өрттері болған жоқ. Ағымдағы өрт қауіпті маусымдағы өрттерді жетуі қиын таулы жерлерде сөндіруге тура келгендігімен ерекшеленді. Табиғи өрттерді жою үшін жоғары өтімді өрт сөндіру автомобильдері, шынжыр табанды тасымалдаушы-тартқыш және көп мақсатты тартқыш-тасымалдаушы, тікұшақтар жұмылдырылды.
Өрт қауіпті кезеңде азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері және жергілікті атқарушы органдар қатарынан 272 адамнан тұратын 46 бірлескен мобильді топ жұмыс істеді. Мобильді топтар 1453 рейдтік іс-шара өткізді. Нәтижелері бойынша 46 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушы анықталды.
ШҚО ТЖД қызметкерлерімен 216 дөңгелек үстел және ауыл шаруашылығы өндірушілерімен 200-ден астам жиын, 18661 адамды қамтитын 4822 нұсқама ұйымдастырылды.
Облыс аумағында табиғи өрттерге жол бермеу мақсатында минералданған жолақтарды орнату және күту бойынша жұмыстар уақтылы жүргізілді.
ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ақпараты бойынша өрттен болған материалдық шығын 35 млн.508 мың 390 теңгені құрады.
ШҚО ТЖД, орман шаруашылықтары, облыстың жергілікті атқарушы органдары арасында табиғи өрттерді сөндіру кезінде жедел өзара іс-қимыл жасау мақсатында "Өрттерді сөндіруді ұйымдастыру тәртібі, дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіруге күштер мен құралдарды тарту туралы келісім" және «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрттерді сөндіруді ұйымдастыру және күштер мен құралдарды тарту тәртібі туралы келісім» әзірленді.
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы бойынша 45 өрт сөндіру бекеті бар, 4-і 2023 жылы Ұлан, Катонқарағай, Зайсан және Алтай аудандарында құрылған, олар жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен ұсталады.
2023 жылы жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндіру бекеттері 45 жануды өздігінше сөндірді.