
ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқановтың айтуынша, қауіптің - күзде күн сайын су салқындап, ауа – райы болжанбайтындығында. "Штаттан тыс" оқиғалар әсіресе қауіпті, ол алкоголь, балықшының жүзе алмауы, балық аулау кезінде қатты жел, балықшының қайықта жалғыз болуы, қараңғыда балық аулау сияқты факторлары бар жағдайлар.
Сонымен қатар, судағы қайғылы жағдайлар қарапайым қауіпсіздік шараларын білмеу, немқұрайлы қарау немесе сақтамау салдарынан болады. 2023 жылдың басынан бері өңірде осындай 2 жағдай орын алды.
ШҚО ТЖД қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 50-ден астам профилактикалық рейдтер жүргізді, онда 400-ге жуық азамат қамтылды, оларға су айдындарында жүріс-тұрыс ережелері түсіндірілді, оның ішінде мамандандырылған балық аулау дүкендеріне орналастыру арқылы 7 жиын ұйымдастырылды. ШҚО ТЖД балықшыларға желді ауа-райында және қараңғыда су қоймасына барудан аулақ болу ұсынылатынын атап өтті. Әрқашан өзіңіз құтқару кеудешесін киіңіз, қайықты шамадан тыс жүктемеңіз, жарамды жүзу құралын пайдаланыңыз.
Шығыс Қазақстанның құтқарушылары жүзе білмейтін адамдарға қайықтан балық аулауға болмайтынына да назар аударды! Қайықпен жалғыз шықпаңыз.
Қайықты шамадан тыс жүкпен толтырмаңыз: қажетті керек-жарақтарды бір бүйіріне мұқият орналастырыңыз.
Онда су жиналмайтынына көз жеткізіңіз.
Қайықты қатты жел мен толқынға жақын ұстамаңыз.
Үрлемелі қайықта тұруға қатаң тыйым салынады.
Балық аулау әуесқойлары өздерімен бірге зарядталған ұялы телефонды алып жүруі керек, су қоймасына барар алдында туыстарына орналасқан жерін хабарлау міндетті.
Егер де түрлі оқыс жағдай орын алса - қайық аударылып кетсе, оған шығуға тырыспаңыз, өйткені бұл жағдайда кез-келген қайық тұрақсыз. Өз-өзіңізге ие болып, қайықты ұстап, аяғыңызбен жұмыс істеп, оны құрлыққа шығаруға тырысыңыз.
Құтқарушылар кез келген төтенше жағдайда "112"нөміріне қоңырау шалу қажет екенін еске салады.