
Барлық жеке тұрғын үйлердің, бақша үйлерінің, моншалардың иелеріне пеш жабдығына тексеру жүргізіп, өздеріңізді өрттен сақтауыңызды ұсынамыз.
Статистика бойынша пеш жабдығын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу өрттің пайда болуының кең тараған себептерінің ішінде 2-ші орында тұр.
Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен ӨСБ-ң қызметкерлері аудан аумағында тұрғын үй секторларында өрттердің, иіссіз газбен улану, тұрмыстық газ баллондарын, электр құрылғыларын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін және балалардың отпен ойнауын болдырмау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Аудан тұрғындарынан жылыту пештерін орнату және пайдалану кезінде өрт фактілерін болдырмау мақсатында, төмендегідей өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңыз қажет:
Жылыту маусымы басталар алдында пеш пен мұржаны тазалау, жөндеу және әктеу, жарылған жерлерін бітеу қажет.
-Пеш жөндеу мен қалауды арнайы лицензия алған тұлғалар мен ұйымдарға ғана сеніп тапсыруға болады;
-пеш пен мұржаның ағаш шатыр немесе үйдің төбе жабынымен қосылған жерлері кірпішпен қаланып бөлінуі тиіс. Пеш қабырғасын қалыңдату да ұмытпаған жөн;
-Пеш жағылып жатқанда қарауысыз немесе балалардың қарауына тастап кету аса қауіпті;
-Пеш жағу үшін жанғыш немесе тез тұтанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
-Кез-келген пештің өз іргетасы болуы және бір қабырғасымен ағаш құрылымдарға сүйеніп тұрмауы тиіс. Олардың арасында арақашықтық –бос жер қалдыру керек.
-Пеш жағар алдында ағаш еденге өлшемі кем дегенде 50 де 70 см темір қаңылтыр (пеш алдында) қағу қажет. Пештің тым қызып кетуіне жол бермеу үшін күніне екі-үш рет және бір жарым сағаттан аспайтын уақыт жағу керек.
-Отынды және басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пеш алдындағы қаңылтырға қоюға болмайды.
-Өрт қауіпсіздігі талаптарына, стандарттар мен техникалық шарттарға сай келмейтін темір пештерді орнатуға болмайды. Зауытта дайындалған уақытша темір немесе басқа да пештерді орнату кезінде дайындаушы кәсіпорындардың нұсқаулары , сондай-ақ жылу жүйелеріне қойылатын жобалау нормаларының талаптары орындалуы тиіс.